14 Желт 2021
Жаңалықтар

IЛIКТIЛIКТЕРIН ШЫҢДАДЫ

9 желтоқсанда Ақжайық жалпы орта бiлiм беретiн мектебiнде "Кəсiби құзыреттiлiк пен құндылықтарды арттыруға бағытталған бiлiм мен тəрбие" тақырыбында семинар ɵттi.

Мектеп директорларының оқу iсi жɵнiндегi орынбасарлары мен бастауыш мектептiң меңгерушiлерi қатысқан семинардың ашылу салтанатынан соң, Ақжайық ЖОББМ тарих пəнiнiң мұғалiмi Н.Жармагамбетов тарихи-ɵлкетану музейiмен таныстырды.

Содан соң Ақжайық ЖОББМ психологi Б.Куанаева танысу тренингiн ɵткiздi.

Семинарда Чапаев Жоббм директорының оқу iсi жɵнiндегi орынбасары А.Сартулеева "Мектепiшiлiк бақылау - бiлiм беру сапасын арттыру құралы" тақырыбында баяндама оқыса, Ақжайық ЖОББМ директорының оқу iсi жɵнiндегi орынбасары С.Қадыралиева, Ж.Жубандыкова "PIRLS" халықаралық зерттеулер аясында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру туралы мəлiмет бердi.

Қызылжар НОМ директоры Е.Кубашев "Bilimland" цифрлық бiлiм беру эко жүйесi жɵнiнде айтса, Чапаев Мектебі директоры М.Абуғалиев "Жалпыадамзаттық құндылықтар дамудың қайнар кɵзi" тақырыбында баяндап, тəжiрибесiмен бɵлiстi.

Ы.Алтынсарин ШЖМ кiтапханашысы А.Сисенгалиева "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Əдеби Ақжайық" жобасымен таныстырды.

  • Семинарға қатысушылар керi байланыс орнатып, бiлiктiлiктерiмен бɵлiстi.

Теректi аудандық бiлiм беру бɵлiмiнiң баспасɵз қызметi

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар