14 Желт 2021
Жаңалықтар

Аудандық «Inspiring Teachers» байқауы қорытындыланды

 9 желтоқсанда жалпы білім беру ұйымдарында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің арасында ɵткен «Inspiring Teachers» аудандық байқауының қорытындысы жарияланды.

Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау, кәсіби құзырлығын, әлеуметтік мәртебесін және педагогикалық шеберлігін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқау 2 кезеңнен тұрды (теориялық, практикалық).

Теориялық бөлімде қатысушылар 5-11 сыныптың қатысуымен 2-тоқсандағы сабақтың тақырыптары бойынша ұзақтығы 7-10 минут кɵлемiнде бейне материал түсірдi. Практикалық бөлімде мұғалімдер ағылшын тiлiнде эссе жазды.

Байқау нəтижесiнде "Үздiк ағылшын тiлi пəнiнiң мұғалiмi" аталымы бойынша бас жүлде Подстепный жалпы орта бiлiм беретiн мектебiнiң ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.С.Сагингалиеваға бұйырды.

І орынды Долинск жалпы орта бiлiм беретiн мектебiнiң ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ф.С.Дюсембаева, ІІ орынды Восход ЖОББМ-нiң ағылшын тілі пәнінің мұғалімі К.С.Жармуханова, ІІІ орынды Аңқаты жалпы орта бiлiм беретiн мектебiнiң ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Қыстаубаева алды. "Үздік эссе» аталымында Шаған ЖОББМ-нiң ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.А.Сисенбаева ɵзгелерден озық түстi.

"Inspiring Teachers" байқауының облыстық кезеңіне Подстепный ЖОББМ-нiң ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.Сагингалиеваның жұмысы жіберіледi.

  • Жеңiмпаздарды жеңiстерiмен құттықтаймыз!

Теректi аудандық бiлiм беру бɵлiмiнiң баспасɵз қызметi

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар