14 Желт 2021
Жаңалықтар

ШАХМАТТАН БАҚ СЫНАСТЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Теректі аудандық балалар шығармашылығы үйі мен «Іс үшін - За дело» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында шахматтан аудандық сайыс өтті.

Сайыстың ашылу салтанатында ауданның спорт ардагері Белікбай Казиханов пен білім беру бөлімінің әдіскері Тлеп Ниетқалиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Адамды жылдам ойлап, тез шешім қабылдауға жаттықтыратын спорт түріне асқан қызығушылық танытқан теректілік 50 шəкiрт жарыста бақтарын сынады.

Күнұзаққа созылған сайыстың қорытындысы бойынша Федоровка қазақ жалпы орта бiлiм беретiн мектебiнiң оқушысы Əдiлет Казиканов пен Федоровка №1 жалпы орта бiлiм беретiн мектебiнiң шəкiрті Аслан Абдрахманов I орынды қанжығаларына байлады. II орын Федоровка №1 жалпы орта бiлiм беретiн мектебiнiң оқушылары: Саянғали Кубашев және Артур Раисовқа бұйырды. III орынды Подстепный №1 жалпы орта бiлiм беретiн мектебiнiң оқушысы Марсель Усенов пен Федоровка №1 жалпы орта бiлiм беретiн мектебiнiң шәкірті Ислам Дуйсалиев иелендi.

Қыздар арасында Гүлім Мүбарак (Федоровка қазақ мектебі) және Дана Молдағалиева (Федоровка №1 ЖОББМ) І орын, Айдана Оразғалиева (Подстепный қазақ мектебі) мен Айзана Атабаева (Подстепный №1 ЖОББМ) ІІ орын, Жамиля Хамит (Қызылжар негізгі мектебі) және Меруерт Адашева (Шаған ЖОББМ) ІІІ орын алды.

  • Барлық жеңімпаздар ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтармен марапатталды.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар