14 Желт 2021
Жаңалықтар

"SportFEST Kazakhstan" спартакиадасынан жүлдемен оралды

6-7 желтоқсанда Орал қаласында өткен 2004-2007 жылы дүниеге келген оқушылар арасында облыстық «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасына қатысқан Теректі ауданының командасы жүлдемен оралды.

Шахматтан Федоровка №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, Теректі аудандық балалар шығармашылығы үйінің «Гамбит» шахмат үйірмесінің тәрбиеленушісі Аслан Абдрахманов ІІ орынды қанжығасына байласа (жетекшісі - А.Сейтенов),тоғызқұмалақтан Госплемстанция жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Макка Жасен де ІІ орын тұғырынан көрінді (жетекшісі - М. Даулетов). Ал үстел теннисінен Новопавловка жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Дильназ Азбергенова ІІІ орынды иеленді (жетекшісі – Т.Джаскузиев). Әскери қолданбалы спортта Госплемстанция және Шаған жалпы орта білім беретін мектептерінің командасы ІІІ орынды иемденіп, намысты қолдан бермеді (жетекшілері: Қ.Байғалиев, Б.Дущанов).

Жеңімпаздарды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар