22 Қар 2021
Жаңалықтар

Облыстық семинар оздырылды

20 қараша күні облыстық білім басқарма басшысының орынбасары С.Темиргалиеваның ой салып, түрткі болуымен Х.Есенжанов атындағы мектепте Тасқала және Теректі аудандарының әдістемелік іс-тәжірибе алмасу мақсатын көздеген облыстық семинары өтті. "Заманауи білім беру трендтері: заманауи білім беру жаңа идеялар үшін ашық" тақырыбындағы семинарға облыстық білім басқарма басшысының орынбасары, әдіскерлері, екі ауданның АББ басшылары, әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, мектеп директорлары қатысты. Аталмыш шараға қатысушылар "Әнмен бойды сергіту" - ден бастау алып, "Қабаттар тынысы", роботехника, "Спектр-ғарыштық лабораториясы" - М.Бисекенов Шаған ЖОББМ өз жұмысымен таныстырды. Әрі қарай келушілер әуесқой суретші Ғ.Дауылбаевтың шығармашылық көрмесін, Акжайық ЖОББ мектебінің "Ұлы дала көрмесі жәдігерлері" көрмесін тамашалады. Х.Есенжанов атындағы мектебі "Жерлес жазушы- ел жадында" жобасын, Ы.Алтынсарин атындағы мектебі "Оқуға құштар мектеп" жобасын, Ұзынкөл ЖОББМ " Магнит-желім-қорғаушы күш" жобасы аясында әдістемелік жұмысты ұйымдастыру туралы толығырақ тоқталды. "Мектеп әкімшілігі мен жас мұғалімдер арасындағы тиімді әрекеттестік моделі" жобасына Подстепный ЖОББМ, "Мобильді мұғалім" жобасына Талпын негізгі мектебі мен Қоғалытүбек НМ өз тәжірибелерін ортаға салды. "By teachers, for teachers" мұғалімдердің біліктілігін арттыру жобасы туралы Госплемстанция ЖОББ мектебі көптеген мәліметтер берді. Жобаларды таныстырып болған сәттерде өнерлі өрендер өнер көрсетіп отырды.

Семинар соңында "ПРУСТ" сауалнамасы жүргізіліп, кері байланыс орнатылды.

Педагогтерді тың идея, жаңашыл бастамаларға жетелеген бұл семинардың берері мол болды.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар