13 Қар 2021
Жаңалықтар

Жарыстан жағымды жаңалық

Жарыстан жағымды жаңалық

 

Қараша айының 5-7 күндері "Шағын футболдан" облыстық мектеп лигасы жарысы Орал қаласында өтті.

Ұлдар арасында жарысқа Бөрлі, Казталов, Шыңғырлау, Қаратөбе, Теректі, Орал қаласы командалары, қыздар арасында Акжайық, Бөрлі, Теректі, Шыңғырлау, Орал қаласы қатысты. Жалпы команда бойынша:

Федоровка ЖОББМ (ұлдар арасында) - 2 орын,

Шаған ЖОББМ (қыздар арасында) - 2 орынды иеленді. Ұлдар арасында Галиев Саят (Федоровка ЖОББМ оқушысы) "Үздік қорғаушы" аталымына, қыздар арасында Мақсот Айдана (Шаған ЖОББМ оқушысы) "Үздік ойыншы" аталымына ие болды!

Жеңістеріңіз құтты болсын!

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар