13 Қар 2021
Жаңалықтар

Үздік өзін-өзі тану мұғалімі

Үздік өзін-өзі тану мұғалімі

 

Қазақстан Республикасы «Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институты» КЕАҚ-ның 2021 жылдың 30 қыркүйегіндегі №1/319 хатына сәйкес үздік озық тәжірибені анықтау, тарату үшін Теректі аудандық білім бөлімі 9 қараша күні «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» байқауының аудандық кезеңін ұйымдастырды. Байқауға білім беру ұйымдарының өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері қатысты. «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің кәсіби және тұлғалық дамуына бағыт беру, еңбегін қолдау, шығармашылық әлеуетін және инновациялық қызметін дамыту, рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын ілгерілету бағытында жұмысты жандандыру мақсатын көздеді. Байқауға қатысушылар «Педагог портфолиосы» презентация, «Өзін-өзі тану сабақтарындағы педагогикалық идеялар мен инновациялар» бейнематериал, «Сабақтан тыс қызмет бойынша әзірлеме», «Өзін-өзі тану мұғалімінің жұмысындағы цифрлық ресурстар» (сабақ үзіндісін көрсету) 4 тур бойынша бақ сынады. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша:

І орын – Муратова А.Б (Подстепный №1 ЖОББМ);

ІІ орын – Хамзина Э.К (Социализм НМ);

ІІІ орын – Аманкулова Ә.Ж (Чапаев ЖОББМ);

Курмашева Г. М (Магистрал ЖОББМ) «Зерттеуші» аталымына,

ал Хамзина Ж (Подстепный ЖОББМ) «Шығармашыл» аталымына ие болды.

Байқауда І орынға ие болған Муратова А.Б облыстық байқауға жолдама алды. Сәттілік серік болсын!

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар