13 Қар 2021
Жаңалықтар

Ана тілінде сөйлеуге үйрету

Ана тілінде сөйлеуге үйрету

 

БҚО білім басқармасының білім беруді дамыту орталығы мен Теректі аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған "Ана тілінде сөйлеуге үйрету " тақырыбында АҚШ-тың Вермонт штатынан келген "Fulbright" бағдарламасы бойынша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Линдсей Гратчфилдтің оқыту семинары болып өтті. Семинарға аудан бойынша әр мектептен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинар 2 бөлім бойынша өтті. Бірінші бөлім - стратегиялар мен дағдылар. Екінші бөлімі - практикалық жұмыстар.

Семинар соңында сұрақтар қойылып, оған тұшымды жауап алынды. Мұғалімдер өз идеяларымен бөлісіп, кері байланыс жүргізіліп, қорытындыланды.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар