13 Қар 2021
Жаңалықтар

"PIZA" халықаралық зерттеу тапсырмаларын шешудің тиімді жолдары

"PIZA" халықаралық зерттеу тапсырмаларын шешудің тиімді жолдары

 

 

5 қараша күні Госплемстанция ЖОББ мектебінде Теректі аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Математикалық сауаттылық тапсырмаларын, «PІZA» халықаралық зерттеу тапсырмаларын шешудің тиімді әдістері тақырыбында математикалық сауаттылық, «PISA» халықаралық зерттеу тапсырмаларын тиімді әдістері мен оны оқу процесінде қолдану, пайдалану мақсатында директордық оқу-ісі жөніндегі орынбасарларына және «РІSA»-ға жауапты мамандар және математика пәні мұғалімдері арасында облыстық семинар өтті. Семинарды ұйымдастырушы облыстық білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының математика жөніндегі әдіскері И.Бұйрашева және «PIZA» халықаралық зерттеуіне жауапты аудандық білім бөлімінің әдіскерлері А.Муханбеткалиева, математика пәні әдіскері А.Томпишева. Семинар 2 бағытты қамтыды. 1 бағыт – математикалық сауаттылықтың тапсырмаларын тиімді шешу болса, 2-ші бағыт – директорлардың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларымен, «РІSA»-ға жауапты мамандармен бірге «РІSA» тапсырмаларын оқу обьектісінде қолдану жолдарын айқындады. Семинарға қатысушы педагогтер «Кері байланыс» орнатып, педагогикалық қоржындарына көптеген мағлұматтар алып кетті.

 

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар