13 Қар 2021
Жаңалықтар

«Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың өзектілігі»

Теректі аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 4 қараша күні Подстепный ауылының «Бәйтерек» бөбекжайында «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың өзектілігі» тақырыбында аудандық семинар-кеңес өтті. Семинарға педагогикалық шеберлік орталығының тренері Р.Куспанова және ауданның бөбекжай директорлары, әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. «Бәйтерек» бөбекжайының тәрбиешісі Ж.Утегенова танысу тренингісімен семинарды бастап, әрі қарай спикерлер А.Шайжанова «Визуалды күн тәртібін құрудың әдіс-тәсілдері мен тиімділігі» тақырыбында, М.Дошайтова мен С.Ескермес «STEAM білім беру мектеп жасына дейінгі балалардың дамуының жаңа кезеңі» тақырыбында, Р.Куспанова «Балалар өмірін ұйымдастыру мен тәрбиелеуде 4К моделін кірістіру», АББ әдіскері Э.Гатауова «Мектепке дейінгі ұйымның мемлекеттік аттестациялаудан өткізу кезіндегі әзірлік жұмыстары» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында өзара сұрақ-жауап алынып, пікірлер мен ұсыныстар тыңдалды.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар