13 Қар 2021
Жаңалықтар

Kundelik    

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 4 қараша күні Федоровка ЖОББМ "Kundelik" электронды журналын толтыру, қателермен жұмыс жасау, оларды шешудің тиімді әдістері" тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Мақсаты "Kundelik" электронды журналының жүргізілуі, қателіктерді түзету, әдістемелік көмек көрсету болды. Оған аудан мектептерінің "Kundelik" электронды журналымен жұмыс жасайтын мұғалімдер, мамандар қатысты. Семинарға Ақпараттық технологиялар және білім сапасын талдау бөлімінің басшысы М.З.Кулекешев сөз алып, электронды журналдың мүмкіншіліктеріне тоқталды. Спикерлер: "Kundelik.kz" электронды журналына сабақ кестесін енгізу, күнделік жүйесінде сыныпты топқа бөлу, жылдың соңында сыныпты көшіру туралы, журналды қалай жүргізу керек екендігін, ата-аналарды жүйеге тіркеу немесе шығару, сынып үлгерімі, табель толтыру т.б толық тоқталды, іс-тәжірибе алмасты.

Семинар соңында қатемен жұмыс жүргізіліп, қатысушылар практикалық жұмыстанды.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар