13 Қар 2021
Жаңалықтар

Ізденіс пен шығармашылық

Теректі аудандық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сай ЖОББ 2021 жылдың 3 қараша күні аудандық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Оқу мен оқыту тәрбиесіндегі бастауыш сынып мұғалімдерінің ізденістері мен шығармашылығы» тақырыбында семинар оздырылды. Оның мақсаты бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылығын, жеке ізденістерін дамыту, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру болды. Семинарға аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Отырысты Подстепный ЖОББМ педагог-психологі Р.Сакипкалиева жиналған мұғалімдерге жақсы атмосфера сыйлап, тренингтермен бастады. Одан кейін «Инновациялық технологияларды сабақта пайдалану арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру» тақырыбында Ақжайық ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі А.Қошмағанбетова, «Көркем еңбек пәнінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту», «Оқу мен оқытудағы жаңа технологиялар» тақырыптарында Подстепный №1 бастауыш сынып мұғалімдері Б.Бисенова және А.Мусагалиева өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Чапаев ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Л.Какиева «Бастауыш сынып мұғалімдерінің ізденістері мен шығармашылығы» тақырыбында өз тәжірибе қорынан түрлі әдіс-тәсілдерді ортаға салып, жаңа технологиялардың мүмкіндіктеріне тоқталды. Семинар соңында бастауыш сынып мұғалімдері бір-бірімен пікір алмасып, ойларын, ұсыныстарын ортаға салды.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар