13 Қар 2021
Жаңалықтар

Үздік жыл психологі

Теректі аудандық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 2 қараша күні талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау, ынталандыру мақсатында аудандық "Үздік жыл психологі" сырттай байқауы өтті.

Байқаудың басты шарты білім беру ұйымдарында психологтардың шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелері мен педагог-психологтардың идеялары, жобалары, іс-тәжірибе алмасуы.

Әділқазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша

ЖҰМЫС ӨТІЛІ 3-7 ЖЫЛ ПСИХОЛОГТАР АРАСЫНДА:

1 орын - Л.М.Маратова (Подстепный✓1 ЖОББМ педагог-психологі);

2 орын - Н.Т.Изгалиева (Федоровка ЖОББМ педагог-психологі);

3 орын - Г.Ж.Демеуова ( Богдановка НМ педагог-психологі).

7 ЖЫЛДАН АСТАМ ЖҰМЫС ӨТІЛІ БАР ПСИХОЛОГТАР АРАСЫНДА:

1 орын - Л.К.Кабдолова (Федоровка✓1 ЖОББМ педагог-психологі);

2 орын - Р.А.Сакипкалиева (Подстепный ЖОББМ педагог-психологі);

3 орын - С.С.Ахмадиева (Новопавлов ЖОББМ педагог-психологі) және М.С.Амангалиева (Покатилов ЖОББМ педагог-психологі) алды.

НОМИНАЦИЯ БОЙЫНША:

"Ізденімпаз педагог-психолог" - Ж.Н.Наурызбай (Ақсуат ЖОББМ);

"Шығармашыл педагог-психолог" - А.У.Имашева (Ы.Алтынсарин ЖОББМ);

"Зерттеуші педагог-психолог" - М.К.Тасбулатова (Шөптікөл НМ);

"Қабілетті педагог-психолог" - Ж.Гумарова (Шаған ЖОББМ) иеленді.

Жеңімпаз болған педагог-психологтар аудандық білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталды. Екі жеңімпаз педагог-психолог облысқа жолдама алды.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар