13 Қар 2021
Жаңалықтар

Педагог-психологтердің шығармашылық өсуіне жол көрсеткен семинар

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сай Федоровка №1 ЖОББ мектебінде 2021 жылдың 3 қараша күні аудандық білім беру ұйымдарының педагог- психологтарына және әлеуметтік педагогтарына арналған «Психологолиялық жұмыстарының қызметі туралы, мектеп педагог-психологтерінің шығармашылық өсуі, кәсіби және тұлғалық дамуы» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Мақсаты: жас педагог-психологтарға және әлеуметтік педагогтарға әдістемелік көмек көрсету. Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 18 қыркүйегіндегі №472 бұйрығы бойынша жұмыстану.

Семинарды АББ бөлімінің әдіскері Г.Асауова ашып берді. «Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында Подстепный ЖОББМ педагог-психологі Ж.Жамзина сөз алды. «Педагог-психологтың жұмыс жоспары және құжаттар» туралы Ақжайық ЖОББМ педагог-психологы Б.Қуанаева айтып өтті. «Әлеуметтік педагог жұмысының бағыттар мен жоспарлауы» тақырыбында Федоровка №1 ЖОББМ әлеуметтік педагогы К.Умаргалиева өз тәжірибесімен бөлісті. «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен түзету-дамыту жұмысы»-на Подстепный№1 ЖОББМ педагог-психологы Т.Туленова тоқталды. «Тәуекел тобындағы балалармен жұмысты ұйымдастыру» Федоровка №1 ЖОББМ педагог-психологы Л.Кабдолова баяндап берді. Семинар соңында «Еркін микрофон алаңында» барлығы пікір алмасып, ұсынбалар қабылданды.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар