13 Қар 2021
Жаңалықтар

"Білім беру ұйымдарындағы ұрпақ тәрбиесі"

Аудандық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес қарашаның 3-і күні аудан мектептерінің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған "Білім беру ұйымдарындағы ұрпақ тәрбиесі" тақырыбында семинар қашықтан ұйымдастырылды. Семинардағы мақсат мектептегі үйірмелер мен клубтардың жұмыс барысын талқылау, мектептердегі жасөспірімдерге қатысты жұмыстардың жүргізілуі туралы, қыз балаларға кеңестердің жүргізілуі, ұл тәрбиесі тақырыптарын қамтыды. Семинарды аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ж.Хусаинова ашты. Ол мектептегі тәрбиеге көбірек көңіл бөлу керектігін, ата-аналармен тығыз байланыста болудың ерекшелігіне тоқталды. Акжайық полиция бөлімінің кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Б. Хайруллина сөз алып, мектептермен бірігіп түнгі рейдке шығу және ата-аналарға кешкі мезгілде балалардың жауапкершілігіне көңіл бөлу керектігін айтты. "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында қыздарға кеңестер берілу туралы Ұ.Қайратқызы тоқталды. Магистрал және Приречный ЖОББМ "Мектептердегі жасөспірімдерге қатысты жыныстық қолсұғушылықтың алдын алу жұмыстарының жүргізілуі" тақырыбында іс-тәжірибе алмасты. Новопавловка, Аңқаты, Федоровка, Шаған ЖОББМ "Білім беру ұйымдарындағы клубтардың жұмыстарының жүргізілуі" туралы айтып өтті. Госплемстанция ЖОББМ "Жас сарбаз" әскери патриоттық клубының жұмысына шолу жасады.

Семинар соңында кері байланыс жасалып, қорытындыланды.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар