27 Қаз 2021
Жаңалықтар

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» Мемлекеттік мекемесі ваканттық бос орындарға конкурс жариялайды

БҚО әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің «Теректі балалар саз мектебі» МКҚК-ның директоры – 1 бірлік, Федоровка ауылы, Федоровка селолық округі;

БҚО әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің «Теректі аудандық Балалар шығармашылық үйі» МКҚК-ның директоры – 1 бірлік, Федоровка ауылы, Федоровка селолық округі;

БҚО әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» КММ-ның директоры – 1 бірлік, Федоровка ауылы, Федоровка селолық округі;

1) Лауазымдық міндеттері:

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдарын ұйымның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім беретін коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара әрекетін ұйымдастырады. Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды. Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын анықтайды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады.

Педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Оқу-материалдық базаны сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Есептілікті дайындауды және қажетті ұсынуды қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын, балаларға қосымша білім беру ұйымының жұмыс бейіні және оның ерекшеліктері, педагогика және психология, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.

Біліктілік талаптар:

1) жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат;

2) білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, білім беру ұйымдары басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

3) педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру институттарының мамандарын қоспағанда).

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты қосымша білім беру ұйымының директоры үшін 188 857 теңгеден 223 000  теңгеге дейін.

Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 21 ақпан 2012 жылдың №57, 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 619 және 2018 жылғы 26 маусымдағы №308, 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №510 бұйрығына және 2020 жылғы 21 мамырдағы №213 сәйкес «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау» қағидасы негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші азаматтар хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Теректі ауданының білім бөліміне төмендегідей құжаттарды тапсыруы тиіс:

  1. Білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген арнайы нысандағы конкурсқа қатысуға өтініш;
  2. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
  3. Білім туралы құжаттың көшірмесі;
  4. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  5. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
  6. Ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  7. Біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  8. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  9. Соттылығының жоқ екені туралы анықтама;
  10. Тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
  11. Сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
  12. Біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
  13. Білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
  14. Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға қажетті  құжаттар осы  хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №135 үй мекен-жайына тапсырылуы тиіс, қосымша мәліметтерді 23-0-54  телефоны арқылы алуға болады.

БҚО әкімдігі білім басқармасының

Теректі ауданының білім беру бөлімі

Пайдалы ақпараттық ресурстар