27 Қаз 2021
Жаңалықтар

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» Мемлекеттік мекемесі ваканттық бос орындарға конкурс жариялайды

БҚО әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің «Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі директоры - 1 бірлік, Подстепный ауылы, Подстепный селолық округі;

БҚО әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің «Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі директоры - 1 бірлік, Аңқаты ауылы, Аңқаты селолық округі;

БҚО әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің «Жайық негізгі орта мектебі» КММ-сі директоры - 1 бірлік, Жайық ауылы, Федоровка селолық округі;

БҚО әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің «Қызылжар негізгі орта мектебі» КММ-сі директоры - 1 бірлік, Қызылжар ауылы, Шағатай селолық округі;

БҚО әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің «Шөптікөл негізгі орта мектебі» КММ-сі директоры- 1 бірлік, Шөптікөл ауылы, Долинный селолық округі;

БҚО әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің «Долин негізгі орта мектебі» КММ-сі директоры- 1 бірлік, Төңкеріс ауылы, Долин селолық округі;

БҚО әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің «Пойма бастауыш мектебі» КММ-сі директоры- 1 бірлік, Пойма ауылы, Ақсуат селолық округі.

Лауазымдық міндеттері:

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңесті басқарады. Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде

жаза қолданады. Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады. Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.

Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады. Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
  2. -Бастауыш, негізгі орта, орта мектептер үшін: Педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі,  орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес;
  3. -Шағын жинақты мектептер үшін педагогикалық жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы соңғы екі жылда педагогикалық жұмыс өтілі;
  4. Педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты жалпы орта мектеп директоры үшін 188 858 теңгеден 222 901 теңгеге дейін, негізгі мектеп директоры үшін 182 865 теңгеден 211 792  теңгеге дейін.

Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 21 ақпан 2012 жылдың №57, 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 619 және 2018 жылғы 26 маусымдағы №308, 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №510 бұйрығына және 2020 жылғы 21 мамырдағы №213 сәйкес «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау» қағидасы негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші азаматтар хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Теректі ауданының білім бөліміне төмендегідей құжаттарды тапсыруы тиіс:

  1. Білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген арнайы нысандағы конкурсқа қатысуға өтініш;
  2. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
  3. Білім туралы құжаттың көшірмесі;
  4. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  5. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
  6. Ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  7. Біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  8. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  9. Соттылығының жоқ екені туралы анықтама;
  10. Тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
  11. Сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
  12. Біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
  13. Білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
  14. Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға қажетті  құжаттар осы  хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №135 үй мекен-жайына тапсырылуы тиіс, қосымша мәліметтерді 8(711-32) 23-0-54  телефоны арқылы алуға болады.

БҚО әкімдігі білім басқармасының

Теректі ауданының білім беру бөлімі

Пайдалы ақпараттық ресурстар