27 Қаз 2021
Жаңалықтар

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» Мемлекеттік мекемесі ваканттық бос орындарға конкурс жариялайды

БҚО әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің «Назерке бөбекжайы» МКҚК-ның директоры – 1 бірлік, Долин ауылы, Долин селолық округі;

БҚО әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің «Бөбек бөбекжайы» МКҚК-ның директоры - 1 бірлік, Шағатай ауылы, Шағатай селолық округі;

БҚО әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің «Ақбота бөбекжайы» МКҚК-ның директоры -1 бірлік, Федоровка ауылы, Федоровка селолық округі;

БҚО әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің «Бәйтерек бөбекжайы» МКҚК-ның директоры -1 бірлік, Подстепное ауылы, Подстепное селолық округі.

1) Лауазымдық міндеттері:

Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі - МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңес жұмысын басқарады. Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды.

Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді.

Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау) жүргізеді. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.  Білім беру ұйымдарының туралы қажетті есепті дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.

 

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Біліктілік талаптар:

1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі;

2) білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі;

3) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындарының оқытушыларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары директоры үшін 182865 теңгеден 211 792 теңгеге дейін.

Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 21 ақпан 2012 жылдың №57, 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 619 және 2018 жылғы 26 маусымдағы №308, 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №510 бұйрығына және 2020 жылғы 21 мамырдағы №213 сәйкес «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау» қағидасы негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші азаматтар хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Теректі ауданының білім бөліміне төмендегідей құжаттарды тапсыруы тиіс:

  1. Білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген арнайы нысандағы конкурсқа қатысуға өтініш;
  2. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
  3. Білім туралы құжаттың көшірмесі;
  4. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  5. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
  6. Ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  7. Біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  8. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  9. Соттылығының жоқ екені туралы анықтама;
  10. Тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
  11. Сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
  12. Біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
  13. Білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
  14. Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға қажетті  құжаттар осы  хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №135 үй мекен-жайына тапсырылуы тиіс, қосымша мәліметтерді 23-0-54  телефоны арқылы алуға болады.

БҚО әкімдігі білім басқармасының

Теректі ауданының білім беру бөлімі

Пайдалы ақпараттық ресурстар