04 Қаз 2021
Жаңалықтар

ҚҰРМЕТ ЖАУҒАН КҮН

ҚҰРМЕТ ЖАУҒАН КҮН

 

Теректі ауданында ұстаздар күніне арналған «Егеменді елдің ұстазы» атты мерекелік шара өтті. Бұл күн ұстаз болу өмірінің мәні мен сәніне айналған, бар болмысын педагог мамандығымен ұштастырған жандардың кәсіби мерекесі. Алғаш боп сөз алған аудан әкімінің орынбасары Армат Байғазиев ұлағатты ұстаздарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ білім саласының дамуына үлес қосып жүрген мұғалімдерді марапаттады. Республикалық және облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының орталық комитетінің басшысы Айгүл Мұқашеваның атынан Құрмет грамоталарын ұсынды. Подстепный орта мектебі Марат Сыхов, еңбек сіңірген төсбелгісімен Подстепный ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ақлима Құбаева, Ақжайық ЖОББМ Фазыл Сүлейменов, Долина НМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Фатима Дюсембаеваға табыс етті.

Теректі ауданы әкімінің м.а Аманкелді Тоғызбаевтың атынан алғыс хатпен балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогы Н. Дүйсенғалиев, Подстепный №1 ЖОББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Л.Темірғалиева, Феодоровка №1 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Е.Шурхно, Ұзынкөл ЖОББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі С.Ембергенова, Новопавловка ЖОББМ АӘД пәні мұғалімі С.Есетов, музыка мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Ж.Өтеуов, Балалар шығармашылық үйінің мұғалімі Ү.Орынғалиев, Подстепный ЖОББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Ш.Мерғалиева, Жайық ЖОББМ тарих пәні мұғалімі А.Бисенова, Социализм НМ бастауыш сынып мұғалімі Г.Қажғалиева марапатталды.

БҚО Білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның және Қазақстандық салалық бІлім және ғылым қызметкерлерінің БҚО ұйымының басшысы Марат Даупаевтың атынан «Құрмет» грамоталарын аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хұсайнова табыстады. «Құрмет» грамотасымен Ақжайық ЖОББМ музыка пәні мұғалімі А.Қосмағұлов, Долина НМ математика пәні бұғалімі А.Иқсанова, Новопавловка ЖОББМ директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Е.Құлниязов, Айтиев БМ бастауыш сынып мұғалімі Ж.Есеналин, Гостплемстанция ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Н.Теміралиева, Балалар шығармашылық үйінің мұғаліміА.Сейтенов, Бәйтерек бөбекжайының педагог-психологі К.Төрешова, Новопавловка ЖОББМ бастауыш сынып мұғаліміЖ.Құлқаева, Еңбек НМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Ажбаев, Ұзынкөл ЖОББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Джумашева марапатталды.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хұсайнованың атынан арнайы номинация бойынша бірқатар ұстаздарға қошемет көрсетілді. «Жасампаздық жыршысы » номинациясын Талпын НМ химия және биология пәні мұғалімі М.Ихсанов, «Парасат жолымен» номинациясын Ы.Алтынсарин ЖОББМ информатика пәні мұғалімі А.Тохлиева, «Шабыт шалқары» номинациясын балалар шығармашылық үйінің мұғалімі Ж.Ғұсманова, «Бөбектер бағбаны » номинациясын А.Құжасова иемденді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік құрдастары» номинациясын 5 жас маман жеңіп алды. Олар Покатиловка ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Н.Голобородько, Шаған ЖОББМ география пәні мұғалімі Ә.Ізмағамбетов, Феодоровка №1 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Исқақова, Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ тарих пәні мұғалімі А.Арыстанова . ауданедық білім беру бөлімінің әдіскері Ә.Мұқанбетқалиева марапатталды.

Ұстаздықты ұрпағына үлгі қылған , атадан балаға, немереге жалғасқан ұстаздар әулеті «Білім бәйтерегі» номинацисымен Аңқаты ауылының тұрғындары Ихсанғалиевтер әулетіне алғыс хат табыс етілді.

Кеш одан әрі мәдени қызметкерлер мен оқушылар дайындаған мерекелік

концертпен жалғасты.

 

Балнұр ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Теректі ауданы

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар