17 Қырқ 2021
Жаңалықтар

«Халық бірілігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі»

«Халық бірілігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі»

 

Жолдау жаңа міндеттерді жүктейді

Теректі аудандық білім беру бөлімінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы талданып, талқыланды. Биылғы жылғы ел президенті «Халық бірілігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы «Білім күні» мерекесімен тұспа-тұс келді. Президентіміз қозғаған толғамдардың әрқайсысының маңызы зор. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама тың бастамалардың болатынын көрсеткендей. Бүгінде орын алып жатқан ахуалға байланысты білім беру жүйелерінің ерекшелігіне тоқталған президентіміз білімнің сапалы берілуіне басымдық берді. Білім-ғылым саласына қатысты жаңашыл бастамалар айтылды. Білімді ұрпақ тәрбиелеуде «Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан, құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр. Бұл – кезек күттірмейтін шаруа» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Мұндағы басты мақсат – болашақ ұрпақтың сапалы білім алуы, саналы тәрбиеленуіне жол ашу, жаңа бағытарды айқындау деп білеміз. Соңғы уақытта әлемде өзекті болып отырған инклюзивті білім беруді дамыту үшін халықтың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, мәдени, этникалық, лингвистикалық және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, оларға білім алуға тең құқықтарды қамтамасыз ету маңызды.

Педагогтардың қоғамдағы орнын көрсетіп, қала және ауыл мектептерінің ерекшеліктері, дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету, ұстаздар қауымының жалақыларын көтеру мәселелері қозғалды. Білім саласын дамыту, оның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау мақсатында курстарды ұйымдастыруға назар аударылды. «Білім жүйесінде ынталы және білікті мұғалімдер қажет. Менің ойымша мұғалімдерді қайта даярлау 5 жылда бір рет емес, 3 жылда бір рет жүргізілуі тиіс, өйткені олар жаңа білімнің тасымалдаушысы, нағыз ағартушы болуы керек. Сонымен қатар, мұғалімдер курстарға өз қаражаты есебінен қатысатын жағдайларға жол бермеу» деген үндеу ұстаздар қауымының құзіреттілігін арттыру арқылы оқушылардың білім сапасын жақсартудың бірден-бір кепілі екенін айтып өтті. Қазіргі заман талабы білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандардың болуы. Өскелең ұрпақты болашақ өмірге даярлауда кәсіби бағыт-бағдар жұмысына ден қоюдың да маңызы зор. Бұл біздің міндетіміз! Бізге артылып отырған зор жауапкешілік.

Отанымыздың алдында адал қызмет, абыройлы іс жасап, терең білім беріп, ерінбей еңбектенсек, жарқын болашаққа қадам басушы буынның талабы таудай, жігерлі, ойы ұшқыр, білімді болмақ.

 

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ж.Хусаинова

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар