25 Тамыз 2021
Жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ - САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ - САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ

Ағымдағы жылғы 24 тамыз күні Теректі ауданының білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында информатика, математика және физика пәні мұғалімдеріне арналған "Білім берудегі жаңа технология - сапалы білім негізі" тақырыбында секциялық отырыс онлайн форматта өткізілді. Отырысты аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің информатика, математика және физика пәндерінің әдіскері Б.А.Томпишева ұйымдастырды. Мақсат: компьютерлік инновациялық технологияларды қолдану, информатика сабақтарында инновациялық технологияларды жүйелі қолдануда танымдық қызығушылықты арттыру, шығармашылық, даралықты көрсету, сабақ өткізуге формалды тәсілден аулақ болуға мүмкіндік беру. Педагогтердің секциялық отырысын өткізу қатысушыларға мол тәжірибемен алмасуға мүмкіндік берді және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру саласында қолдау көрсетілді. Ұстаздар бір-бірімен пікір алмасып, жаңа оқу жылына жаңа педагогикалық идеялармен қадам басты.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар