25 Тамыз 2021
Жаңалықтар

БІЛІМ НЕГІЗІ БАСТАУЫШТА

БІЛІМ НЕГІЗІ БАСТАУЫШТА

Тамыздың 24-і күні аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ауданның бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ" тақырыбында тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті. Оған ауданның бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Мақсаты бастауыш сыныптарда нәтижелі білім беру мақсатында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, білім сапасын көтерудің тиімді жолдарын анықтау. Отырыс онлайн форматта болды. Оны аудандық білім беру бөлімінің бастауыш сынып әдіскері Г.Сатыбалдиева жүргізді. Бастауыш сынып мұғалімдері өзара іс-тәжірибе алмасып, құнды ақпараттарды ортаға салды. Білімнің негізі бастауышта қаланады. Сондықтан да инновациялық технологияларды қолданудың маңызы зор. Секциялық отырыс соңында педагогтер өзара кері байланыс жасап, ұсыныстары мен тілектерін ортаға салды.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар