25 Тамыз 2021
Жаңалықтар

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда инновациялық технологиялардың тиімділігі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда инновациялық технологиялардың тиімділігі

Бүгін, 23 тамыз күні Теректі аудандық білім беру бөлімі, әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ауданның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған " Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда инновациялық технологиялардың тиімділігі" атты секциялық отырысы өтті. Оның мақсаты жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі, жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі оқу ақпаратына қол жеткізу, оны жақсарту. Жаңа технологияларды қолдану, оқып үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету. Секциялық отырысты аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ғ.Ж.Амангалиева жүргізді. Пән мұғалімдері өзара іс- тәжірибе алмасып, кері байланыс орнатты.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар