25 Тамыз 2021
Жаңалықтар

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастыру

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастыру

Тамыздың 23 күні аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен "Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастыру" тақырыбында аудан мектептерінің мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, инклюзивті сыныптардың пән мұғалімдері, жеке оқыту мұғалімдері, МДҰ мен мектеп дефектологтары мен логопедтеріне, психологтар мен әлеуметтік педагогтарына, ТДО сыныптарының мұғалімдеріне арналған секциялық отырысы өтті. Отырысты аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Л.Г.Асауова жүргізді.

Секциялық отырыс барысында педагогтер арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бойынша, ерекше білім беруді қажеттіліктері бар балалардың әртүрлі диагноздары бойынша шеберлік сыныптар арқылы танысты. Ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, ойларын ортаға салды.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар