25 Тамыз 2021
Жаңалықтар

"САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ - ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҮЗДІКСІЗ ҮДЕРІСІ"

"САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ - ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҮЗДІКСІЗ ҮДЕРІСІ"

Ағымдағы жылдың 23 тамыз күні Теректі аудандық педагогикалық қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында "Сапалы білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі" тақырыбында ШЖМ, ресурстық орталықтар және магниттік мектеп педагогтеріне арналған онлайн секциялық отырысы оздырылды.

Мақсаты:

ШЖМ жағдайында нәтижелі білім беру мақсатында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру. ШЖМ дамуына қолдау көрсету, білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын анықтау; ШЖМ, РО және магниттік мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін біліктілікті арттыру арқылы көтеру болды.

Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің ШЖМ бойынша әдіскері Е.Ә.Жакаева секциялық жұмысты бастап, өткен оқу жылының қорытындысымен таныстыра отырып, республикалық, облыстық деңгейдегі марапатқа ие болған мұғалімдерді марапаттады. Отырыс барысында педагогтер өз іс-тәжірибелерін ортаға салып, құнды ақпараттармен бөлісті.

Секциялық жұмыс қорытындысы бойынша "Сапалы білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі" тақырыбы бойынша педагогтердің одан әрі ұсынымдары қабылданды.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар