20 Тамыз 2021
Жаңалықтар

Жаңа оқу жылына жаңа серпінмен

2021 жылдың 16 тамыздан бастап ауданымыздағы білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру, білім алушылардың оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі жіберілген олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру мақсатында ата-аналардың өтініштері бойынша "Жазғы мектеп" жұмысы басталды. Жазғы мектепте оқуға барлығы 1-4 сыныптарда - 719 оқушы, 5-9 сыныптарда - 568 оқушы, 10-11 сыныптарда -193 оқушылардың ата-аналары өтініш білдіріп отыр. Барлығы 24 мектепте 1480 оқушы негізгі пәндерден білім алатын болады. Оған барлығы 396 педагог тартылды.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар