20 Тамыз 2021
Жаңалықтар

"Балақайлар мектебі"

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөліміне қарасты орта білім беру ұйымдарында маусым айынан бастап 8 мектепте 16 педагог 234 баламен жұмыстанды. Осы жұмыстың жалғасы ретінде тамыз айынан бастап қалған 21 мектеп 28 педагог 277 баламен жұмыстануда.

«Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдастырылуда.

«Балақайлар мектебінде» балаларға ойын, ертегі көрсетілімі, математика негіздері мен сауат ашу оқу қызметтері бойынша өткізілуде.

"Балақайлар мектебі"-нен күтілетін нәтиже балаларды мектепке дайындау және мектепте оқуға ауыртпалықсыз енуге және сапалы білім алуына алғашқы баспалдағы болып табылады.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі 

Пайдалы ақпараттық ресурстар