18 Маус 2021
Жаңалықтар

Әдеби бульвар өтті

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында саябақтар мен скверлерде OPEN AIR бағдарламасы форматында «Ашық аспан астындағы мектеп кітапханалары» акциясы бойынша таза ауада кітап оқуды көңілді ұйымдастыру, оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатында9 маусым күні Федоровка жалпы орта білім беретін мектебі «Хикаяны қалай қызықтырып айту керек?» тақырыбында әдеби бульвар өткізді. Мектеп кітапханашысы У.Идрескалиева мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері С.Урбисинова, Г.Имашева ұйымдастырған әдеби шараға 6-8 сынып оқушылары, мектеп кітапханасының еріктілер тобы А.Сарсенова, С.Жантілеуова, Д.Қадыр, Р.Амандық қатысты.

Ертеңгілік еріктілердің жағымды атмосфера орнату мақсатында өткізген көңілді тренингтерімен басталды. Қатысушыларға «Storytelling» әдісі және көпшілік алдында сөйлеудің техникалары туралы қызықты ақпараттар берілді. Пән мұғалімдері өздерінің оқыған шығармаларын қызықты етіп баяндап бергеннен кейін, оқушылар берілген тапсырма бойынша шағын әңгімелерді оқып, жарыса әңгімеледі. Шара әдеби викториналармен жалғасып, ертеңгілік соңында аудандық білім беру бөлімінің әдіскері А.Сағатова үздік қатысушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады.

 

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.