18 Маус 2021
Жаңалықтар

Әдістемелік кеңес өтті

Теректі аудандық білім беру бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 3 маусым күні "2020-2021 оқу жылының қорытындысы, әдістемелік жұмыстардың жүзеге асырылуы" тақырыбында әдістемелік кеңес отырысы өтті. Отырысқа аудандық білім бөлімінің әдіскерлері және аудан мектептерінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, бастауыш мектеп меңгерушілері қатысты. Отырыс мақсаты

әдістемелік құрал құрастыруда эксперттік топтың жұмысы мен оның ұйымдастырылуы туралы, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушылардың білім көрсеткіштері, стандарт талаптарының орындалуы туралы ақпараттар беру болды.

Күн тәртібінде

- "Жазғы мектеп" жұмысының ұйымдастырылуы туралы;

- Біліктілік арттыру курстарының жүргізілу барысы;

- Жаңа мазмұнда білім беруде 1-4 сыныптарда стандарттың орындалуы, білім сапасы;

- "Жас мамандар" мектебінің тәлімгерлер жұмысы;

- Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша көркем-эстетикалық пәндердің берілуі;

- "Қазақ тілі мен әдебиеті", қоғамдық-гуманитарлық пәндердің оқытылуы туралы айтылды. Отырыс соңында сұрақ-жауаптар алынып, кері байланыс орнатылды. Ұсыныс-пікірлер айтылды.

 

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.