18 Маус 2021
Жаңалықтар

Онлайн семинар-практикум оздырылды

Аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2 маусым күні «Өркен» бөбекжайында «Табиғат таңғажайыптары» тақырыбында БҚО білім беруді дамыту орталығының әдіскері Д.Кудашеваның қатысуымен қашықтан семинар-практикумы ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты табиғатты танып білуде эстетикалық қарым-қатынасын нығайту, зерттеу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа, қоршаған ортаға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту болып табылады. Семинардың модераторы «Өркен» бөбекжайының меңгерушісі Ж.Б.Уразгалиева болды. Семинарды БҚО білім беруді дамыту орталығының әдіскері Д.Т.Кудашева сөз сөйлеп ашты. «Сазды сәлемдеме»-мен жалғасқан семинарда «Өркен» бөбекжайының әдіскерлері, тәрбиешілер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.