18 Маус 2021
Жаңалықтар

Алматыдан алтынмен

2021 жылдың 2-3 маусым күндері волейболдан Алматы қаласында "Спорт жұлдыздары" журналының жүлдесі үшін республикалық турнир өтті. Батыс Қазақстан облысының білім ордаларынан құралған "Орал ұстаздары" құрама командасы республика бойынша жеңімпаз атанды! Құрама сапында теректілік дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Нұржан Құспанов пен Алмас Шналиев бар екенін айта кету керек.

Жеңістеріңіз құтты болсын!

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар