18 Маус 2021
Жаңалықтар

Ұстаздықпен өрнектелген ғұмыр

Мариям Файзуллақызы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде білім саласында 30 жыл бойы үздіксіз атсалысып келеді. Осыншама мол, игілікті еңбек қандай адамға болсын зор мәртебе саналары анық. Оның үстіне ұстаздың еңбегінің сан қырлы екеніне көз жетеді. Ол өзінің өмірінің 30 жылын ұстаздыққа арнады. Қазіргі уақта Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің математика-физика пәнінің мұғалімі болып қызмет етуде. «Жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту және алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу» атты өзінің әдістемелік тақырыбын ашу мақсатында оқытудың жаңаша әдістері мен жаңаша ұйымдастырылған сабақ үлгілерін қолданып жүр. Сабақ кезеңдерінде оқушылардың өзін және өзара бағалауын дұрыс ұйымдастырып, өзіндік пікір құндылығына басты назар аударады. Оқушының ойлау қабілетіне қарай өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, білім мен тәрбие беруде жетістіктерге жетуде.

Мариям Файзуллақызы өз тәжірибелерімен мерзімді басылымдарда бөлісіп тұрады. Көптеген шәкірттері жетістіктерге жетуде. Қашықтан өткізілген республикалық олимпиадасында «Математика» пәні бойынша І орынға, 10 сынып оқушысы Нурғали Зарина Диплом, қашықтықтан өткізілген республикалық олимпиадасында «Математика» пәні бойынша І орын, 10-сынып оқушысы Мағзомова Альбина, Диплом, оқушысы Қайратов Батырхан қашықтан өткізілген республикалық олимпиадасында «Математика» пәні бойынша І орынға, шәкірттері Темір Жансая қашықтан өткізілген республикалық олимпиадасында «Математика» пәні бойынша І орын, Бижан Батырұлан, қашықтан өткізілген республикалық олимпиадасында «Математика» пәні бойынша І орын, Арыстамбекова Карина Сертификат алды. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімерді оқыту курстарын аяқтады.

Мариям Файзуллақызы болашақта да шығармашыл, теориялық білімін іске асыра білетін, өз елін дамытуға үлесін қосатын білімді де білікті, тәрбиелі шәкірт, жеке тұлғаны қалыптастыруға атсалысады деп сенеміз.

#тәуелсіздікке30жыл

 

Теректі аудандық білім бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.