18 Маус 2021
Жаңалықтар

Ақжайық ауылында жаңа балабақша

1 маусым "Балаларды қорғау күнімен" тұспа-тұс Ақжайық ауылында "Айша" жеке балабақшасы ашылды. Балабақша ҚР Білім және ғылымды дамыту бағдарламасына сәйкес, 1-3 жастағы ауыл балаларының кезектілігін жою мақсатында ашылып отыр. Сонымен қатар ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуге мұрындық болған сол ауылдың тұрғыны - Қайырғали Қатымғалиұлы. Бөбекжайдың жоба қуаттылығы 75 орындық.

Балабақшаның ашылу салтанатында ауыл әкімі Б.Александрұлы, Аналар кеңесінің төрайымы, зейнеткер ұстаз Ғазиза Рахметова, жеке кәсіпкер Қайырғали Қатымғалиұлы құттықтау сөз сөйлеп, балабақша ұжымына сәттілік тіледі. "Айгөлек" және "Айша" балабақшасының бүлдіршіндері сазды сәлемдеме жолдады.

Балабақшаның лентасын ауыл әкімі Болат Александрұлы мен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласының ардагер ұстазы Әмина Абдолқызы қиып, балабақшаның кілтін меңгеруші Светлана Аманғалиқызына табыс етті.

Жаңа бастамаға жаңа серпін, жаңашылдық тілейміз.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.