18 Маус 2021
Жаңалықтар

Облыстық "Жас сарбаз-2021" әскери-спорттық ойыны қорытындыланды

Білім басқармасының "Мамыр айындағы мерекелерге орай ұйымдастырылатын іс-шаралар" жоспарына сәйкес 24-26 мамыр күндері "Жас сарбаз" сыныптарының оқушылары арасында қашықтықтан "Жас сарбаз - 2021" облыстық әскери-патриоттық ойыны оздырылды. Әскери-спорттық жиын:

  • Саптық байқау;
  • Әскери-қолданбалы спорт жарысы;
  • Газтұмылдырық кию сияқты кезеңдерден тұрды.

Оқушыларды әскери-қолданбалы және техникалық дайындыққа дағдыландыру, әскери қызметті насихаттау мақсатында өткен ойында Теректі ауданының жас сарбаздары облыстан ІІІ ОРЫН иеленді.

 

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.