18 Маус 2021
Жаңалықтар

"Үздік мұғалім-дефектолог" облыстық сырттай байқауының қорытындысы

БҚО білім басқармасының жоспарына сәйкес шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалім-дефектологтерді анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында "Үздік мұғалім - дефектолог" облыстық сырттай байқауы оздырылған болатын. Ол байқауға 12 ауданның психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің мұғалім-дефектологтары қатысты. Әділқазылардың шешімі негізінде: "Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері" бойынша ауданымыздың "Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің" мұғалім-дефектологі Юсупова Рузалия Дамирқызы ІІ орын алды.

Байқаудың жалпы білім беру ұйымдары бойынша жеңімпазы болып, І орынды Подстепный №1 ЖОББМ мұғалім-дефектологі Ескалиева Азида Сағындыққызы иеленді. Құттықтаймыз!!!

 

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.