18 Маус 2021
Жаңалықтар

«Жазғы мектеп» жұмысы

Теректі аудандық білім беру бөлімінің бұйрығы негізінда 2021 жылдың 26 мамырдан бастап 37 мектепте «Жазғы мектеп» жұмысы басталды. Жазғы мектептің негізгі идеясы жыл бойы қашықтықтан оқыған 6,7,8,10 сынып оқушыларының білімін толықтыру , оқу кезіндегі жіберілген олқылықтарды жою және оқу материалдарын пысықтау. «Жазғы мектеп» жұмысы ата-аналар мен оқушылардың заңды өкілдерінің өтініштері негізінде іске асырылуда. Аудан бойынша 6296 оқушының 2936 оқушы «Жазғы мектепті» бастап кетті.

Бастауыш сыныптарда 1146 оқушы, 5-11 сыныптарда 1190 оқушы оқып жатыр. Жазғы мектепте оқушылар негізгі пәндер бойынша өз білімдерін толықтыруда. «Жазғы мектеп» жұмысына сәттілік!!!

 

 

Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі м.а. Э.А.Гатауова

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.