18 Маус 2021
Жаңалықтар

Бүгін аудан әкімі Арман Кәрімұлы теректілік дарынды оқушыларымен кездесті.

Пәндік олимпиада, өнер сайысы, әскери-спорттық жарыстар үздіктері, ғылыми жобалары жүлде иеленген оқушылар тобы аудан әкімімен бетпе-бет жүздесті.

Кездесу кезінде әр оқушы өз жетістік-жеңістері жайлы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ көкейлеріндегі мазалап жүрген сұрақтарын қойып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Республикалық олимпиада, түрлі жарыстардағы қиындықтар мен қызық оқиғаларды айтып, еркін пікір алмасқан жасөспірімдер өз өнерлерін де көрсетті.

Аңқаты орта мектебінің оқушысы, аудандық, облыстық пәндік олимпиадалардың жүлдегері, облыстық Абай оқуларының «Абай шәкірттерінің шығармалары» номинациясының 1орын иегері Қарақат Себепова, Шаған орта мектебінің оқушысы, облыстық «Өнер-білім бар жұрттар» көркемсөз байқауында 1орын, облыстық Ақұштап оқуларында 2 орын иеленген Аида Қайыржанова мәнерлеп өлең оқыды.

Теректінің үздік ұландарымен басқосу қорытындысында «ел болашағы - жастардың қолында» деген Арман Кәрімұлы оларға сәттілік тіледі. Әр оқушыға аудан әкімі атынан алғыс хат және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.