15 Мамыр 2021
Жаңалықтар

Тәуелсіздік құрдастары

Тәуелсіздік құрдастары

 

Тәуелсіздік құрдастары туралы айтар болсақ, азаттықтың ақ таңымен таласа туған Құспанова Алмара педагог-дефектолог болып жұмыс жасап жүрген жас өрен тілімізге оралады.

Құспанова Алмара Кахимқызы 1991 жылы 9 сәуірде Ақжайық ауданы Чапаев ауылында дүниеге келген. 1998-2009 жылы М.Әуезов атындағы мектепті аяқтап, 2009-2013 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетін «Педагогика және психология» мамандығын оқып бітірген. Диплом алған жылы Теректі ауданы Жаңа Өмір ауылы Шаған жалпы орта білім беретін мектебіне әлеуметтік педагог қызметіне орналасып, осы қызметте екі жыл жұмыстанады. 2015 жылдың мамыр айында Орал қаласы ГКП №4 қалалық емханасында психолог – маман болып қызмет атқарды. 2016 жылы қайта Теректі ауданы Жаңа Өмір ауылы Шаған жалпы орта білім беретін мектебіне «педагог - психолог» қызметіне орналасып, осы мектепте жұмыстанып жүріп Алматы қаласында САТР оқыту орталығында «Олигофрено педагог – дефектолог» мамандығын оқып, 2018 жылдан бастап педагог – дефектолог қызметіне ауысып, қазіргі таңда осы қызмет саласында жұмыстануда.

Алмара - Айшабибі, Айзере, Мейірхан есімді үш бүлдіршіні бар бақытты ана, аяулы жар. Алғаш «жас маман» болып Жаңа Өмір ауылына келіп, Шаған мектебіне жұмысқа орналасқан кезде мектеп басшыларынан және қасындағы әріптестерінен қолдау тауып, көп нәрсе үйренген. Жас мамандарды қолдау мақсатындағы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдан баспана алып отыр. Шәкірттерін мейірімді мінезімен баулып алған Алмараға алар асуың көп болсын демекпіз.

#тәуелсіздікқұрдастары

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.