15 Мамыр 2021
Жаңалықтар

"Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны

"Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны

 

БҚО білім басқармасының облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі қашықтан ұйымдастырылды. Оның мақсаты жастар арасында әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру, ҚР Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру және әскери қызметті насихаттау, салауатты өмір салтын сақтау болды. Облыстық кезең бойынша Теректі ауданының жас сарбаздары жалпы командалық ІІ орынға ие болды. Команда құрамында Шаған ЖОББМ, Госплемстанция ЖОББМ, Федоровка ЖОББМ, Х.Есенжанов ат. ЖОББМ оқушылары болды.

Жеңіске жеткен жас сарбаздарға алар асуларың көп болсын дейміз.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.