15 Мамыр 2021
Жаңалықтар

Тәуелсіздік құрдастары

Тәуелсіздік құрдастары

 

Нуркенова Шнар Тлекқызы 1991 жылы 6 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Аңқаты ауылында дүниеге келді.

2009-2013 жылдары Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Мұнай-газ ісі» мамандығы аяқтаған ол ұстаздықтың ұлы жолына ізін салғысы келіп, 2015-2017 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Екі шет тілі» мамандығын бітіріп алды.

Бүгінгі таңда Подстепный жалпы орта білім беретін мектебінде ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс атқарып келеді.

КР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәнінен өткізілген қашықтық олимпиадасының 3 дәрежелі жүлдегері. Мектепте өткізілген әртүрлі мектепшілік олимпиада, сайыстарда оқушылары жүлделі орындарға ие боп жүр.

Шнар - абыройлы, шебер, ұшқыр ойлы, балаларға деген махаббаты басым нағыз мұғалім болуға талпынып жүрген жас маман.

#тәуелсіздікқұрдастары

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызмет

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.