15 Мамыр 2021
Жаңалықтар

«PSYKHOLOG ONLINE»

«PSYKHOLOG ONLINE»

 

Бүгін 12 мамыр күні Теректі аудандық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сай ұйымдастырылған «PSYKHOLOG ONLINE» жобасы аясында Шаған ЖОББ мектебінің педагог-психологтары Гумарова Ж.Ж. мен Ахметова Б.С. «Бәрі өз қолында» тақырыбында 9-11 сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған ҰБТ-ға дайындық кезінде психологиялық қолдау көрсету мақсатында қашықтықтан онлайн тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушылармен «Менің қалаған есімім», «Бұл мен» ағаш жаттығуы, «Менің жетістіктерім», «Адам тани аласыз ба?» сергіту сәті, «Көңіл күй» жаттығулары жүргізілді. Тренингке оқушылар белсене қатысып, өз ойларын ортаға сала білді. Сонымен қатар, жұмысқа қабілеттілігін арттыру мақсатында жасалатын жаттығуларды орындап, бейнеролик көрсетілді. Бұндай тренингтер әлі де жалғасын таппақ.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.