15 Мамыр 2021
Жаңалықтар

Тәуелсіздікпен бірге өрілген еңбегі

Тәуелсіздікпен бірге өрілген еңбегі

 

Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондай жанның бірі - Майра Сембайқызы 30 жылын білім саласына арнаған екен. Майра Сембайқызы оқытуда ұлттық құндылықтарды пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ойлау қабілетіне қарай, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге осы арқылы жеке тұлға қалыптасуына әртүрлі оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, білім мен тәрбие беруге ұмтылып жүрген ұстаз.

Мектепішілік өтіп жүрген шараларға қатыса отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауға баулиды.

Ақпан айының 3-12 аралығында мектепішілік «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өткізді. Осы шараға 5-6 сынып оқушылары түгелдей қатыстырылып, «Ана, бейбітшілік, достық» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша 6 сынып оқушысы Мақсотов Жанболат, Әділгереев Артур жеңімпаз аталып, мектепішілік мақтау қағазымен марапатталды.

«Өз талантымды ашамын» атты байқауда 7-8 сынып оқушылары Қуан Ақмарал, Ақаш Жанерке, Досқал Фаризалар мектепішілік мақтау қағаздарымен марапатталды.

«Ұстаздан ұлағат» атты байқауда 10-11 сынып оқушылары С.А.Назарбаеваның кітаптарынан үзінділер оқып, талдады. «Алтын жүрек-анамыз» атты кешті 7 сынып оқушылары күшімен өткізіліп, жақсы пкірге ие болды.

2014 жылдың қыркүйек айында өткізілген облыстық «Өзін – өзі тану» пәні бойынша оқушылар арасындағы олимпиада өткізілді, сол олимпиадаға қатысқан 9 сынып оқушысы Женисова Зарина қатысып, I дәрежелі дипломға ие болды. Қараша айында өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алып, Республикадан жүлделі ІІ орынды иеленді. 2020 жылы аудандық пәндік олимпиадада Г.Наукенова ІІ орын алған.

«Ашық сабақтар» WEB-сайтында «Адалдық – адамдықтың белгсі» тақырыбындағы 9 сыныптарға арналған сабағы жарық көрсе, 45 минут KZ сайтына «Салауатты өмір негізі» сабағы басылып шықты.

Майра Сембайқызы шәкірттерге білім беруде, тәрбиелеуде жоғарғы жетістіктерге жетіп, шәкірт жүрегіне жол тапқан жан. Тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеуіне жолбастаушы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде шаршауды білмейтін ұстаз.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.