15 Мамыр 2021
Жаңалықтар

"Адалдық кілті"

"Адалдық кілті"

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес "Адалдық кілті" атты аудандық байқау қашықтан өтті. Байқаудың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, балалардың бойындағы патриотизм, адалдық, шыншылдыққа, ұлттық мәдениетке деген сезімін ояту, көркемдік шығармашылығын дамыту және ынталандыру. Оған аудан мектептерінің 1-4 сынып оқушылары қатысты. Байқауға бейнелеу өнерінің түрлі техникасында, кез-келген материалда, кез-келген құралмен орындаған суреттер қабылданып, сыналды. Байқауға қатысушы оқушылар аудандық білім беру бөлімінің алғысхаттарымен марапатталды. Үздік деп танылған жұмыстар облысқа жолдама алды.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.