15 Мамыр 2021
Жаңалықтар

Ең үздік ғылыми-зерттеу жобасы - 2021

Ең үздік ғылыми-зерттеу жобасы - 2021

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 6 мамыр күні 7-10 сыныптардағы негізгі пәндері бойынша "Ең үздік ғылыми-зерттеу жобасы - 2021" аудандық байқауы қашықтан оздырылды. Байқаудың мақсаты оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылықтарын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін оқыту, шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу, дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау болды. Байқау жаратылыстану бағыты және гуманитарлық бағыт бойынша өтті. Әділқазылар алқасы мүшелерінің шешімімен:

Жаратылыстану бағыты бойынша:

І орын - Ишимова Дильназ (Шөптікөл НМ)

ІІ орын - Махамбетова Зияда (N1 Подстепный ЖОББМ), Ертілеу Қымбат (Чапаев ЖОББМ);

ІІІ орын - Сұпығали Аружан (Восход ЖОББМ), Хайруллин Рафаэль (Долин НМ), Максимқызы Назерке (Ақсуат ЖОББМ);

Гуманитарлық бағыт бойынша:

І орын - Назиева Бекзат (Восход ЖОББМ);

ІІ орын - Құрманғазы Махаббат (Ы.Алтынсарин ЖОББМ), Мендібай Ақнур (N1 Подстепный ЖОББМ);

ІІІ орын - Азбергенова Дильназ (Новопавловка ЖОББМ), Жексен Зейнеп (Подстепный ЖОББМ). Жүлде алған оқушылар аудандық білім беру бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.