15 Мамыр 2021
Жаңалықтар

«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» READx конференциясы өтті.

«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» READx конференциясы өтті.

 

Бүгін Подстепный N1 ЖОББ мектебінде соғыс туралы кітаптардың тұсаукесеріне арналған «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» READx конференциясы өтті. Онлайн режимде өткен конференцияға мектептің 40-қа жуық оқушысы желіге қосылды.

Оқушылар «Волоколамск тас жолы», «Жау тылындағы бала», "Правда о войне" т.б шығармалар туралы пікірлерімен бөлісті.

Айта кету керек, оқушылар бұл туындыларды «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқып, талқылаған болатын. Тарихтан сыр шертіп, болашақ ұрпақ жүрегіне еліне, тарихына деген сүйіспеншілік ұялатқан конференцияның спикерлері Бисенова Бакыт, Ахмурзина Рината болды.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.