15 Мамыр 2021
Жаңалықтар

"Мектепке дейінгі ұйымдарда арнайы мамандармен психологиялық-педагогикалық қызметтің ұйымдастырылуы"

"Мектепке дейінгі ұйымдарда арнайы мамандармен психологиялық-педагогикалық қызметтің ұйымдастырылуы"

 

Теректі аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 29 сәуір күні мектепке дейінгі мекемелердің арнайы мамандарына арналған "Мектепке дейінгі ұйымдарда арнайы мамандармен психологиялық-педагогикалық қызметтің ұйымдастырылуы" тақырыбында аудандық онлайн вебинар өтті. Вебинарға ауданның мектепке дейінгі ұйымдарының психологі, дефектологтары мен логопедтері және аймақтық ПМПК және ППТК мамандары қатысты.

Вебинар мақсаты аймақтық психологиялық-медициналық педагогикалық мамандардың консультациясы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті қызметкерлерінің және мектепке дейінгі мекемелерінің арнайы педагогтарының тәжірибе алмасуы болып табылады.

Вебинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Асауова алғысөзбен ашып, Аймақтық ПМПК-нің олигофренопедагогі Г.Сисенгалиева "Мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық- педагогикалық тексеру" тақырыбында өз тәжірибесімен бөліссе, ППТК маманы А.Байбулатова "Логопед және музыкалық ырғақ мұғалімінің мектеп жасына дейінгі балалармен түзету дамыту жұмыстары" тақырыбын қозғады. "Бәйтерек" бөбекжайының педагог-психологі А.Кусаинова "Мектепке дейінгі ұйымдарда психолог жұмысының ұйымдастырылу барысы", ал К.Турешова "Инклюзивті білім беру кабинетінің психологының ерекше білім алуды қажет ететін балалармен жұмыс түрлері" атты тәжірибесін ұсынса, "Ақжелкен" бөбекжайының педагог-психологі Н.Байгужина "Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі баланың танымдық әрекетін жаңа технология арқылы арттыру" тақырыбында өз жұмысын ортаға салды.

Вебинар соңында педагогтар кері байланыс орнатып, пікір алмасты.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.