15 Мамыр 2021
Жаңалықтар

"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ КАРТАСЫ" байқауы

"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ КАРТАСЫ" байқауы

 

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес тәрбие ісі жөніндегі әдіскер О.Шукирбаеваның ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлық - құқықбұзушылық картасы" тақырыбында аудандық жобалар байқауы қашықтан оздырылды.

Жобаның мақсаты оқушылардың адам құқықтары жөніндегі түсініктерін қалыптастыру, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, дүниетанымын кеңейту, зерттеушілік бағытта жұмыстануға жетелеу және ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Байқауға аудан мектептерінің 8 сынып оқушылары қатысып, өздерінің жасаған жобаларын қорғады. Ойы жүйрік, тілі өткір шәкірттер аудандық білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталды.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар