15 Мамыр 2021
Жаңалықтар

"Айқанат" олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы

"Айқанат" олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы

 

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2021 жылғы 1 наурыздағы №2-22/1122 қызметтік хатын орындау мақсатында 2021 жылдың 3 сәуір күні Подстепный қазақ ЖОББМ-де «IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

Теректі аудандық білім беру бөлімі бойынша облыстық олимпиадаға 8-9-сыныптар бойынша барлығы 50 оқушы қатысты. Қатысу 96 % пайызды құрады. (Қатысу керек 52 оқушының 2 қатыспады. Еңбек НМ-нің оқушысы денсаулық жағдайына байланысты және Федоров ЖОББМ-нің оқушысы ата-анасының өтініші бойынша қатыспады).

8-сыныптар бойынша 28 оқушы, 9-сыныптар бойынша 22 оқушы қатысып, бақтарын сынады.

"Айқанат" олимпиадасының қорытындысы бойынша 9-сыныптар арасынан республикалық кезеңге 6 оқушы (27,2%) өтті. Олар Подстепный қазақ ЖОББМ-нің оқушылары: Болатова Нурсана (тарих бағыты), Калешов Ерген (тілдік бағыт), Тулеушова Камила (химия бағыты) және Жайық НМ-нің оқушысы Иманғали Айкөркем (физика бағыты), Подстепный ЖОББМ-нен Искангалиев Санжар (биология бағыты) және Тариева Алина (математика бағыты) республикалық кезеңге жолдама алды.

8-сыныптар арасында өткен Айқанат олимпиадасының қорытындысы бойынша 4 оқушы (14,2%) республикалық кезеңге жолдама алды. Олар: Подстепный қазақ ЖОББМ-нің оқушылары Гафуринова Мадина (математика бағыты) және Ізбасар Дана (тілдік бағыт), Долин НМ-нің оқушысы Хайруллин Рафаэль (биология бағыты), Х.Есенжанов ат.ЖОББМ-нің оқушысы Қайрғалиева Айбибі (тарих бағыты) Қапшағай қаласында өтетін "Айқанат" олимпиадасының республикалық кезеңінде бақтарын сынайтын болады.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.