15 Мамыр 2021
Жаңалықтар

"Биле, биле" би байқауының үздіктері анықталды

"Биле, биле" би байқауының үздіктері анықталды

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес аудандық "Биле, биле" хореографиялық қашықтық байқау өтті. Байқаудың мақсаты білім алушылардық хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру. Байқауға аудан мектептерінің бишілер тобы қатысты. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша

І орын - "Балалар биі және сюжеттік би" номинациясы бойынша "Сұлу" би тобы (Подстепный қазақ ЖОББМ);

ІІ орын - "Сюжеттік би" номинациясы бойынша "Шебер қыз" биімен Мухсимова Аяжан (Подстепный қазақ ЖОББМ), "Өзбек биі" Нұрланқызы Нұрайым (Абай ЖОББМ) және "Айгөлек" би тобы (Шаған ЖОББМ), "Балалар биі" номинациясы бойынша "Нарисуем голубя" биі (Балалар шығармашылық орталығы);

ІІІ орын - "Тұмар" би тобы (Х.Есенжанов ЖОББМ), "Еркеназ" би тобы (Приречный ЖОББМ), "Жұлдыз" би тобы (Чапаев ЖОББМ).

Өнерпаз бишілер аудандық білім бөлімінің алғысхаттарымен марапатталды. І орын алған жеңімпаз топ облысқа жолдама алды.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.