16 Сәу 2021
Жаңалықтар

15 сәуір күні Теректі аудандық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп директорлары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған кеңес өткізілді

Кеңес өтті

 

15 сәуір күні Теректі аудандық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп директорлары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған кеңес өткізілді. Кеңесте ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия туралы, ҰБТ-ның өткізілуі, "Экомектеп" "Экобалабақша" жобасына толығырақ тоқталды. 22 сәуір бірыңғай ағаш егу күніне орай көгалдандыру, абаттандыру туралы айтылды. Тазалық пен тәртіп тілге тиек болды. Мектептердің сайт жүргізу тәртібі, жаңартулар турасында мәліметтер берілді.

Кеңесте мектеп директорлары көптеген сұрақтарына жауап алды.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.